10 қазан – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қазанда еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Бақытбек А. Б. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Іс-шараға кәсіподақ белсенділері, бастауыш, салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, әлеуметтік әріптестер жиналды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы өз сөзінде әлеуметтік әріптестіктің маңыздылығын, еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек қатынастарын цифрландыру, еңбекті қорғау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекциясы, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.
Кәсіподақ қозғалысы әлеуметтік әріптестік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға ықпал ету, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау.
Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің атынан кәсіподақ ұйымдарына атқарып жатқан жұмыстары, табанды ұстанымдары және әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1309285?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді