«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасу ауданындағы Жеңіс саябағында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар саябақ аумағын тазалап, қоғамдық орынның көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Туған жерімізді бірге таза әрі көрікті етейік!
#ТазаҚазақстан #ҚарасуАуданы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1309452?lang=ru

Жауап қалдыру