
Қайталама қылмыстың алдын алу, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу саласындағы ахуалмен танысу мақсатында Қостанай облысына Бас прокуратураның 2-қызметі басқармасының бастығы Еркін Тайкешов келді.
Жұмыс сапары аясында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, «Пробация үйіне» барып, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Рудный қаласында Бас прокуратура өкілі полиция басқармасының жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, полицияның аға учаскелік инспекторларымен кездесу өткізді. Негізгі назар есепте тұрған адамдарды бақылау және қадағалаудың цифрлық құралдарын қолдану мәселелеріне аударылды.
Рудный қаласының пробация қызметкерлерімен кездесуде есепте тұрған адамдарды бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығында полиция мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қоғамға қайта бейімдеудің практикалық мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, облыстық полиция Департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен учаскелік инспекторлардың қадағалаудың цифрлық құралдарын қолдану мәселелері қаралды.
Іссапар қорытындысы бойынша Қостанай облысының прокуратурасында полиция мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу мәселелеріне арналған ведомствоаралық жедел кеңес өтті.
Кеңеске қатысушылар қайталама қылмыстың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерді және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын талқылады. Жұмыстың басым бағыттары айқындалып, осы саладағы қызметті жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар белгіленді.
Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1309532?lang=ru

Жауап қалдыру