Қазақстанның күзет ұйымдары қауымдастығының есеп беру-сайлау жиналысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының күзет ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің жалпы есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Жиын барысында күзет саласын дамыту, күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігі және күзет қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы полиция полковнигі Молдаханов Дархан Маханұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар мен жеке күзет ұйымдары арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар күзет қызметін одан әрі дамыту бағыттарына тоқталды.

Жиналыс аясында Қауымдастық әкімшілігінің және тексеру комиссиясының есептері тыңдалып, сала өкілдерінің баяндамалары мен ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ Қауымдастық президентін, президиумын және тексеру комиссиясын сайлау рәсімдері өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша күзет саласының дамуына елеулі үлес қосқан және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке күзет ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамоталары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1309811?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді