Тұмауға қарсы вакцинация тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 11 «2026–2027 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысын, сондай-ақ Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 24-36-9-16/924-И хатын орындау мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырып өткізді. Іс-шараға әуе және теміржол көлігі ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Семинар-кеңес барысында тұмау, ЖРВИ, COVID-19 және қызылша ауруларының алдын алу шаралары, сондай-ақ жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қызметкерлерді тұмауға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы мен тиімділігі талқыланды. Көлік саласы қызметкерлері арасында вакцинацияның маңыздылығын түсіндіруге және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушыларға профилактикалық ақпарат қамтылған брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1309840?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді