Психологиялық қолдау әрдайы қолжетімді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6–9 қазан аралығында облыстың білім беру ұйымдарында Өңірлік психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған «2808. Қолдау желісі» ақпараттық-ағартушылық акциясы өтті.

Акция барысында білім беру ұйымдарының білім алушылары, ата-аналары мен педагогтері үшін психикалық денсаулық және эмоционалдық әл-ауқат мәселелері бойынша тақырыптық әңгімелесулер, шағын дәрістер және интерактивті сабақтар өткізілді. Іс-шаралар барысында қатысушыларға 2808 сенім телефоны, оның мүмкіндіктері және қандай жағдайларда көмекке жүгінуге болатындығы туралы ақпарат берілді.

Өткізілген іс-шаралар психологиялық қолдаудың қолжетімді ресурстары туралы ақпараттану деңгейін арттыруға және психикалық денсаулыққа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1309956?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді