2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де Аягөз ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша комиссия Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.

Екінші мәселе аясында сайлау инфра құрылымының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.

Үшінші мәселе бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Аягөз ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған алдағы ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады.

 

Аягөз ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/1310246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді