
2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Қызылорда облысының аумағында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында 904 проблемалық мекенжай анықталып, 640 азамат тексерілді. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзудың 183 дерегі анықталды. 759 қару иесі тексеріліп, қару айналымы қағидаларын бұзудың 18 дерегі тіркелді. Заңсыз есірткі жарнамасы бар 6 граффити жазуы жойылды.
Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тұрғындарға 748 жадынама таратылды.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасының негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың тыныштығын сақтау.
Қауіпсіздік — ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1310271?lang=ru

Жауап қалдыру