
Қызылорда облысында “Таза Қазақстан” бастамасы аясында қоғамдық орындардың тазалығына бақылау күшейтілді.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтап, оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауда.
Мәселен, 6 қазан күні сағат 09:35 шамасында сауда үйінің алдында ер адамның темекі тұқылын жерге тастағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Құқық бұзушы 59 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.
Ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол әкімшілік жазаға тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Полиция тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп талаптарын сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1310288?lang=ru

Жауап қалдыру