Психологтарға арналған «Кедергі – дамудың баспалдағы» оқыту семинары

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеті қала мектептерінің психологтарын «Кедергі – дамудың баспалдағы» тақырыбындағы оқыту семинарына шақырады.

Семинардың мақсаты — психологтарға кедергінің даму баспалдағына айналу механизмін түсіндіру, кең тараған психологиялық идеялардың ғылыми негізін талдау және оларды күнделікті тәжірибеде дұрыс қолдануға бағыт беру.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылады:
• «кедергі → дағды → ресурс» тізбегі арқылы даму үдерісін түсіндіру: Л. Выготский, А. Бандура және С. Хобфолл еңбектеріндегі ұстанымдар;
• отбасы мен мектеп арасындағы «кінә іздеу шеңбері» және одан шығу жолдары;
• тұлғалық жауапкершілік қағидасын оқушылармен және ата-аналармен жұмыста қолдану.

Өтетін күні: 2026 жылғы 15 қазан.
Уақыты: 15:00–16:00.
Өтетін орны: «Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ.
Қатысушылар: білім беру ұйымдарының психологтары.
Әдіскер: Молдашов Берик Сергалимович.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1310701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді