Aқтауда полицейлер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараны Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп өткізді.
Сенбілікке қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Полиция инспекторлары тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады.
Тәртіп сақшылары тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін еске салады. Табиғатты қорғау мен қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау — баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1310745?lang=ru