
🏗️ АҚШИ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
🏡 Іле ауданының Ақши ауылында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
⚽ Атап айтқанда, К. Қасымұлы көшесінің бойында кешенді спорттық-ойын алаңының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында:
👶 Балалар алаңы
⚽ Футбол алаңы
🏐 Волейбол алаңы
🌳 Сквер мен воркаут аймағын салу көзделген.
✨ Нысан тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және белсенді демалысына мүмкіндік береді.
📌 Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобаның мердігері болып РГП «Еңбек» анықталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
💰 Жобаның жалпы құны – 40 млн теңге.
📅 Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
🏛️ Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ескерткіші орналасқан аллеяда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған.
💵 Аталған жобаның құны – 9,8 млн теңге.
🤝 Жұмыстарды «Киелі ақ шатыр» мүгедектігі бар тұлғалар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Қазіргі кезде аллеяны жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.
🌟 Аталған жобалар ауылдың қоғамдық кеңістіктерін жақсартуға, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған. Екі нысандағы жұмыстарды да қазан айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/1310773?lang=ru

Жауап қалдыру