Департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 сәуірде департамент басшысы Илимжанова З.А. және этика жөніндегі уәкіл Сүлеймен М.Б. департамент қызметкерлерімен келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді:
▫️ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормалары
▫️ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Кездесу барысында мынадай негізгі мәселелер қарастырылды:
— адалдық, бейтараптық және заңдылық қағидаттарын сақтау
— жеке мүдделерден қоғам мүдделерінің басымдығы
— мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу
— сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда әрекет ету тәртібі⠀
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық сипатындағы ұсыныстар түскен жағдайда әрекет ету алгоритміне және мұндай фактілер туралы уақтылы хабарлаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.⠀
Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру және қызметтік этика нормаларын мүлтіксіз сақтау — мемлекеттік билік органдарына қоғам сенімін нығайтудың негізі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/980780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді