
2026 жылдың 9 айда коммуналдық объектілерді бақылау бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардан 2495 өтініш келіп түсті (2025 ж. 9 айда – 936).
Жоспардан тыс тексерулер 92 өтініш бойынша немесе барлық өтініштердің жалпы санының 3,7% жүргізілді (2025 ж. 9 айда – 53 немесе 5,6%).
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында 34 өтініш немесе тексерілгендердің санынан 37,0% расталды, 58 расталмады (2025 ж. 9 айда – 27 немесе 51,0%, расталмады – 26).
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа ведомстволарға 772 өтініш немесе 31% жолданды (2025 ж. 9 айда – 181 немесе 19,3%).
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің болмауына байланысты 1256 немесе 50,3% өтінішке жазбаша түсіндірмелер берілді (2025 ж. 9 айда – 35 немесе 3,7%).
371 немесе 14,7% өтінішті қарау тоқтатылды (арыз берушілер кері қайтарып алды) (2025 ж. 9 айда – 40 немесе 4,3%).
Зертханалық-аспаптық зерттеулермен 9 немесе 9,7% өтініш қаралды (2025 ж. 9 айда – 4 немесе 7,5%).
Расталған өтініштердің сипаты: тұрғын үйлердегі жертөле үй-жайларын ұстауға, сұлулық салондарының, монша, сауналардың, бассейндердің хостелдердің қызметіне, лифт жабдықтарынан шыққан шу мен қоқыс жинауға арналған контейнерлік алаңдарды ұстауға.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 7 417 375 тг. сомасына 21 айыппұл (2025 ж. 9 айда – 6 763 040 тг. сомасына 22 айыппұл), 27 ұйғарым шығарылды (2025 ж.9 айда – 26); 4 материал сотқа берілді (2025 ж. 9 айда – 6); қызметке тыйым салу түрінде 13 жедел ден қою шаралары және 3 адамдарды жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шаралары шығарылды (2025 ж. 9 айда – 2 адамдарды жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шаралары шығарылды).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1310837?lang=ru

Жауап қалдыру