
14 қазан күні «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Ақындар айтысы» облыстық сайысының қалалық кезеңін өткізді.
Байқауға 11 жас ақын қатысып, 10-12, 13-15 және 16-18 жас санаттары бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталып, I орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды.
I орын:
Төлеубаев Айсұлтан – М. Әуезов атындағы мектеп.
Қылышбек Мейірбек -К. Мақпалеев атындағы мектеп.
Едіге Асылбек – Б. Момышұлы атындағы мектеп.
II орын:
Абылқайырова Аружан – Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі.
Бауыржанова Азиза – №48 жалпы орта білім беру мектебі.
III орын:
Айтахмет Мағжан – Ж. Тәшенов атындағы мектеп.
Мұратбек Мөлдір – №47 жалпы орта білім беру мектебі.
Қатысушыларға арнайы номинациялар табысталып, жүлделі орындарға ие болмаған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. I орын иегерлерін дайындаған жетекшілер Алғыс хаттарға ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1310883?lang=ru

Жауап қалдыру