Қауіпсіздік – өмір кепілі!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған № 2 стационарлық жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Ашық есік күні» аясында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында су айдындарындағы және таулы аймақтардағы қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі мен радиациялық-химиялық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру.

Қауіпсіздік туралы білім – өмірді қорғаудың алғашқы қадамы. Осындай түсіндіру жұмыстары азаматтардың қауіпсіздік жөніндегі сауаттылығын арттырып, төтенше жағдайларға дайын болуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1311015?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді