«Мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады: тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбындағы сұрақ және жауап

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады: тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбындағы сұрақ және жауап.

1-сұрақ. Мемлекеттік бақылау дегеніміз не?

Жауап: Мемлекеттік бақылау дегеніміз — мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге және бақылауға бағытталған қызметі.

2- Мемлекеттік бақылау қалай жүргізіледі

Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Ол бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізіледі.

2-сұрақ. Профилактикалық бақылау қалай жүргізіледі?

            Жауап: Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен бекітілген жартыжылдық профилактикалық бақылау тізіміне енгізілген объектілерде жүргізіледі.

3-сұрақ. Жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда жүргізіледі?

Жауап: Жоспардан тыс тексерулер Департамент тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.

            4-сұрақ. Мемлекеттік бақылау барысында қандай талаптар тексеріледі?

Жауап: Мемлекеттік бақылау барысында бекітілген тексеру парақтарында көзделген және бақылау нысанасына жататын талаптар ғана қаралады.

5-сұрақ. Тексеру барысында қандай іс-шаралар жүзеге асырылады?

Жауап: Уәкілетті мемлекеттік органдар қажетті құжаттарды қарайды, заң талаптарының орындалуын тексереді. Тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер заң бұзушылықтар анықталса, оларды жою жөнінде нұсқама беріледі.

6-сұрақ. Тексерілетін субъектілердің қандай құқықтары бар?

Жауап: Тексерілетін субъектілердің мынадай құқықтары бар:

  • тексерушілерден қызметтік куәліктері мен тексеруге қатысты құжаттарды көрсетуді талап етуге;
  • тексеру кезінде өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етуге;
  • тексеру нәтижелерімен танысуға;
  • мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдануға;
  • өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы.

7-сұрақ. Тексерілетін субъектілердің міндеттері қандай?

Жауап: Тексерілетін субъектілер тексеруге қатысты қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға, заңды талаптарды орындауға, тексеруге кедергі келтірмеуге және анықталған заң бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюға міндетті.

8-сұрақ. Егер тексеру барысында заң бұзушылықтар орын алса, не істеу керек?  

Жауап: Егер тексеру барысында заң бұзушылықтар орын алса, тиісті мемлекеттік органға немесе прокуратураға шағымдануға болады. Сонымен қатар тексерудің заңды негіздерін анықтап, өз құқықтарыңызды білу маңызды.

9-сұрақ. Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты қандай?

Жауап: Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты — заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау және анықталған заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдау.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1311170?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді