«Қорқыт Ата» халықаралық әуежайында оба ауруы бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қазанда Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайында өкпелік обаға күдікті науқас анықталған жағдайда әрекет ету бойынша кабинетілік оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты – мүдделі қызметтердің жедел әрекет ету дайындығын бағалау және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимылын пысықтау. Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, шекара және кеден қызметтерінің өкілдері, обаға қарсы станция, медициналық ұйымдар, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы, көліктегі желілік полиция бөлімі және әуежай қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу барысында шартты науқасты анықтау және оқшаулау, байланыста болған адамдарды анықтау, жауапты қызметтерге шұғыл хабарлау және қажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу тәртібі пысықталды. Іс-шара аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға және қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1311259?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді