
Қостанай облысының шаруа қожалығының басшысы Гүлнара Қуанышбаева БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) халықаралық сыйлығына ие болды. Оның ауыл шаруашылығын дамытудағы жетістіктері әлемнің әр түрлі елдерінен 600-ден астам үміткердің арасында танылды.
Қазақстан “ФАО-ның 100 батыры: әйелдердің агроазық-түлік жүйелерін өзгертуге және ауылдық аудандарды дамытуға қосқан үлесі” жаһандық бастамасының лауреаттары қатарына енді. Сыйлыққа 131 елдің өкілдері үміткер болды.
ФАО-ның Бас директоры Куй Дунюй Гүлнар Қуанышбаеваны жеке құттықтап, оны Римге марапатқа шақырды. Рәсім 2026 жылдың 12-16 қазаны аралығында өтетін Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1311529?lang=ru

Жауап қалдыру