1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Арал қаласының әкімі Жанаев Ренат Қуанғанұлы Арал қаласының бірқатар қазыналы қарттары мен еңбек ардагерлерін қабылдап, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Мерекелік бас қосуда алдымен қала әкімі Р. Жанаев сөз алып, құттықтау сөзімен бөлісті: «Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! «Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші, біздің қоғамымыздың рухани тірегі, өнегелі өмір жолы мен адал еңбектің символы – Сіздерсіздер. Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, табанды еңбекпен туған жердің шежіресін жазған қазыналы қарттарға құрмет көрсету – біздің басты парызымыз. Осынау айтулы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға береке мен молшылық тілеймін. Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, әрбір атқан таңыңыз қуанышқа толы болсын!», – деп ізгі лебізін арнап, құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.

Жиын соңында қонақтарға ақ дастархан жайылып, барша қатысушылар емен-жарқын пікір алысып, мерекеге орай өзара жылы лебіздерін білдірді.

“Арал қаласы әкімінің аппараты” КММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aral/press/news/details/1311697?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді