СЕНБІЛІК: ТАЗАЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  • СЕНБІЛІК: ТАЗАЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ

 

  • Тазалық – баршаға ортақ. Әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті.

 

  • Осы орайда, ағымдағы жылдың 12 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес қаладағы санитарлық-тазалықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласындағы әр аптаның сенбісінде ұйымдастырылып отырған кезекті сенбілікке ат салысты.

 

  • Қоршаған ортадағы азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту ұстанымын алға қойған Департамент қызметкерлері мекемеге бекітілген аумақтағы көше бойынан қоқыс қалдықтарын шығарып, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді