Боранқұл ауылында «қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 қазанда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Боранқұл кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Құралбек Тағабергенов Боранқұл ауылы маңындағы мал шаруашылығы қожалықтарын аралады.

Аралау барысында тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу, жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар малды қараусыз қалдырмау, әсіресе түнгі уақытта жол бойында мал жаю кезінде сақтық шараларын сақтау және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындау қажеттігі ескертілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың мүлкін қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бейнеу ауданының полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1311779?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді