
Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері кәсіби шеберлігі мен төзімділігін сынап, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, 25-қабатқа жылдам көтерілу нормативін орындады.
Жарысқа облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінен газ-түтіннен қорғау қызметінің 13 командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақтау қаласындағы ТЖБ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мұнайлы ауданының ТЖБ № 12 өрт сөндіру бөліміне бұйырса, үшінші орынды Маңғыстау ауданының ТЖБ № 8 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.
Жарыстың мақсаты – үздіктерді анықтап қана қоймай, газ-түтіннен қорғау қызметінің беделін арттыру, жеке құрамның тұрақты жаттығуға деген ынтасын нығайту және түтін басқан, оттегі жетіспейтін ортада міндеттерді орындауға қажетті кәсіби дағдыларын жетілдіру.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1311778?lang=ru

Жауап қалдыру