
Бүгін Бейнеу ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Сәкен Рзағалиев Сам орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылық жасаудың құқықтық салдары, буллингтің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға өзара сыйластықты сақтау, құрдастарына құрметпен қарау және кез келген құқыққа қайшы әрекетке жол бермеудің маңыздылығы жеткізілді.
Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және мектеп ортасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Бейнеу ауданының полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1311780?lang=ru

Жауап қалдыру