
Кеше шаһар басшысы Нұржан Ахатов қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарымен кездесті. Жиында қала әкімі халық қалаулыларына атқарған жұмыстары мен қоғам үшін жасап жатқан игіліктері және белсенділіктері үшін ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар депутатқа облыс әкімінің алғыс хатын, «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасын» табыстады. Кездесуде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шаменов, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев, 1994-2007 жылдары қалалық мәслихаттың төрағасы болған Қожахмет Ілиясов және қалалық мәслихаттың VIII шақырылым төрағасы қызметін атқарған Ибадулла Құттықожаев сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Айта кетейік, осы жылдың 12-ші қазанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1312322?lang=ru

Жауап қалдыру