Жылдамдық режимін бұзбаңыз және жол қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп, «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді.

Іс-шара аясында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау және жол қауіпсіздігі талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жылдамдықты белгіленген шектен асырмауға және өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жол жүрісі қағидаларын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Қауіпсіздік жолдағы жауапкершіліктен басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1312368?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді