Маңғыстау облысының полицейлері ipsc жарысында топ жарып, алғыс хаттармен марапатталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14–15 қазан күндері Ақтау қаласында «Бумеранг-Хантер» атыс тирінің ұйымдастыруымен күштік құрылымдар мен практикалық ату клубтары арасында тапаншамен практикалық ату бойынша IPSC жарысы өтті.

Жарысқа сегіз команда қатысты. Олардың қатарында ҚР Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштері (ССО), ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі, Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінің «Бүркіт» бөлімшесі, Атырау және Маңғыстау облыстары Полиция департаменттерінің командалары, сондай-ақ практикалық ату клубтары мен «Бумеранг-Хантер» командасы болды.

Жарыстың мақсаты – қатысушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, практикалық ату дағдыларын жетілдіру және күштік құрылымдар арасында тәжірибе алмасуды дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті. Командалық есепте ПД ОЖВ командасы Classic Standard санаты бойынша, ал ПД ЖҚАЖ командасы Open санаты бойынша І орынға ие болды.

Жеке есепте де маңғыстаулық полицейлер үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Classic санатында үш қызметкер, Open санатында екі қызметкер және Lady санатында бір қызметкер жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің атыс дайындығын жетілдіруге, практикалық ату спортын дамытуға және жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыруға қосқан үлесі үшін «Бумеранг-Хантер» атыс тирінің жетекшісі Джунельбеков Карим Смагулович пен нұсқаушысы Айбергенов Аргынгазы Айбергенович алғыс хаттармен марапатталды. Алғыс хаттарды Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Мешітбайұлы табыстады.

Марапаттау барысында полиция полковнигі Алмас Мешітбайұлы кәсіби қолдау көрсетіп, тәжірибелерімен бөліскені және полиция қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіруге үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ алдағы жұмыстарына табыс тілеп, кәсіби даярлықты арттыру бағытындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Атыс дайындығы – полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығының маңызды бағыттарының бірі. Ол қаруды қауіпсіз қолдану дағдыларын жетілдіруге, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға және түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті жарыс жүлдегерлерін құттықтап, полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіреді. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1312433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді