Полиция капитаны Сәкен Көкекбаев Бейнеу ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және полицияға деген сенімді арттыру мақсатында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы онлайн форматта өтті.

Тікелей эфирге 30-ға жуық азамат қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Эфир барысында Бейнеу ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Сәкен Көкекбаев тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берді.

Акция аясында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, оларды толғандырған сұрақтар қаралды. Мұндай кездесулер халықтың өзекті мәселелеріне жедел назар аударуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және тұрғындармен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Акция полиция мен халық арасындағы ашық диалогты дамытуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1312495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді