Қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын нығайтып, командалық бірлікті арттыруға бағытталған турнир

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

5 қазан – Қылмыстық іздестіру күніне орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті мен Ақтау қаласы, Мұнайлы, Жаңаөзен қалалық және Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған аудандық полиция бөлімдерінің жедел уәкілдері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның басты мақсаты – қылмыстық іздестіру қызметкерлері арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Турнир барысында командалар өзара мықтыны анықтап, алаңда шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Қатысушылар жеңіске деген жігерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, ұжымдық байланысты нығайтуға және кәсіби қызметтен тыс ортада тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 I орын – Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.

🥈 II орын – Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

🥉 III орын – Маңғыстау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Бірінші орын иегеріне бас жүлде – автокөлік, екінші орын алған командаға теледидар, ал үшінші орын иегерлеріне компьютер берілді.

Шара барысында қатысушылардың спорттық белсенділігі мен командалық бірлігі айқын көрінді. Осындай жарыстар қызметкерлердің дене дайындығын жақсартып қана қоймай, ұжым арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, ортақ мақсатқа жұмыла білуге ықпал етеді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, барлық қатысушыларға мықты денсаулық, қызметте табыс және алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1312494?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді