Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т.Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.

Жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Синдикат групп» ЖШС-сы жүргізді. Жобаға бюджеттен 298 млн. теңге бөлінген.

Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған бірнеше кабинет қарастырылған.

Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында 35 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші 92 пайызды құрайды.

Өткен жылы Қайыңды және Қорағаты ауылында дәл осындай фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/920294


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді