
2026 жылғы 19 қазанда білім бөлімі полиция бөлімімен бірлесіп, 9–11-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сенің таңдауың – сенің болашағың» атты аудандық форум ұйымдастырды. Форумға аудан мектептерінен 300 оқушы қатысты.
Форум барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, нашақорлықтың, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында нашақорлықтың, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1313782?lang=ru

Жауап қалдыру