
Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Медина Тұрсынова халықаралық білім кеңістігінде зор жетістікке жетіп, әлемнің 6 еліндегі беделді жоғары оқу орындарынан 20-дан астам ресми шақырту алды. Сонымен қатар, Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі — Назарбаев Университетінен де білім алуға ұсыныс түсті.
Медина шақырту алған оқу орындары қатарында АҚШ-тың Wilkes University, Curry College, Brenau University, Rowan University, University of Mount Union, Transylvania University, Duquesne University, Hollins University, Colby-Sawyer College, Menlo College, Thomas College және Temple University университеттері; Ұлыбританиядағы Hult International Business School; Түркиядағы Kadir Has University, Yasar University және Medipol University; Қытайдағы Shanghai International Studies University мен Shanghai University of Political Science and Law; БАӘ-дегі Middlesex University Dubai мен Murdoch University Dubai және Қазақстандағы Nazarbayev University бар.
Бұл — Мединаның табандылығы мен үздіксіз еңбегінің, сондай-ақ білім ордасы ұжымының жан-жақты қолдауы мен сапалы білім беруінің нәтижесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/980408?lang=kk
Жауап қалдыру