
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге жедел көмек көрсету, салықтық және кедендік мәселелерді түсіндіру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген @SalyqBot ресми Telegram-ботының мүмкіндіктері туралы хабарлайды.
Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және келесі сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
– Кеңес беру және көмек: шотты бұғаттаудан шығару, жеке тұлғалардың салықтары, банкроттық рәсімі және кедендік мәселелер бойынша жедел көмек.
– Заманауи технологиялар: Salyq ИИ 2026 интеллектуалды көмекшісі.
– Кері байланыс: операторға сұрақ қою, бейнеқоңырау шалу немесе сауалнамадан өту мүмкіндігі.
– Пайдалы құралдар: калькуляторлар, салық күнтізбесі және электрондық сервистер.
– Бiлiм базасы: танымал сұрақтар (ТОП), онлайн-анықтамалықтар және бейнесабақтар.
Сервисті Telegram-да @SalyqBot логині бойынша немесе тікелей сілтеме арқылы пайдалануға болады: https://t.me/salyqbot.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1314032?lang=ru

Жауап қалдыру