ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

19 қазан – Қазақстанда Құтқарушылар күні. Бұл – төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет ететін өрт сөндірушілер мен азаматтық қорғау саласы мамандарының кәсіби мерекесі.

🔹Мерекеге орай аудан әкімі Айбек Купенов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

🔹Аудан басшысы өз құттықтауында құтқарушылардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, жауапкершілігі жоғары әрі кез келген сәтте жедел әрекет етуді талап ететін қызметтері үшін алғысын білдірді.

🔹Қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, кәсібилігімен ерекшеленген бірқатар қызметкер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

🔹Құтқарушыларға қызметтеріне табыс, еңбектеріне сәттілік, отбасыларына амандық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1314153?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді