Шорт-тректен жаңа маусым: Солтүстік Америкадағы әлем кубогына Қазақстан командасы сапында кімдер аттанды?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шорт-тректен 2026-2027 жылғы халықаралық маусым Канададағы қос әлемдік турмен басталады.

Атап айтқанда әуелі спортшылар 23-25 қазан аралығында Ванкувер қаласында алғашқы кезеңде бақ сынайды. Сосын, 30 қазан мен 1 қараша аралығында Монреаль қаласында II кезеңде сынға түсуі керек.

Назарыңызға осы бәсекеге қатысатын Ұлттық құраманың 12 спортшысын ұсынамыз:
Ерлер – Айбек Нәсен, Айбек Темірхан, Богдан Вехов, Глеб Ивченко, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уалиулла.

Әйелдер – Зейнеп Құмарқан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Полина Омельчук, Гүлдана Жалмұқан, Анастасия Галечина;

Жалпы ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1000 және 1500 метрге жарысады. Сондай-ақ бағдарламаға 3 эстафета кіреді: ерлер (5000 м), әйелдер (3000 метр), аралас командалық (2000 метр).

Айта кетейік, Канададағы 2 кезеңге 29 мемлекеттен 184 шорт-трек шебері тіркелген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1314644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді