Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітілген кестеге сәйкес Зеренді ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітілген кестеге сәйкес Зеренді ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шараға Зеренді ауданы әкімінің аппарат басшысы, білім бөлімінің басшысы, Отбасын қолдау орталығының директоры, полиция бөлімінің өкілі және Кәсіпкерлер палатасының Зеренді ауданы бойынша филиалының директоры қатысты. Іс-шара барысында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрмыс жағдайлары зерделеніп, қажетті қолдау шаралары айқындалды. Сонымен қатар басқарма мамандары аудандағы колледжге, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне және мектеп-интернаттың жұмыс барысымен танысты. Аталған бағыттағы жұмыс облыстың барлық аудандары мен қалаларында бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bala-qorgau-aqmola/press/news/details/1315587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді