Жетісу облысында бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6 мыңнан астам дерегі анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жетісу облысында полиция қызметкерлері бір апта ішінде жол қауіпсіздігі саласында 6 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, олардың жолын кесті.

Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер тарапынан 197 құқық бұзушылық тіркелді. Жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырудың 37 дерегі және бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтудің 9 фактісі анықталды.

Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқарудың 23 дерегі, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 3 фактісі, сондай-ақ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату және пайдалану бойынша 2 құқық бұзушылық тіркелді.

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтамау жол-көлік оқиғаларына, адамдардың жарақат алуына және адам өліміне әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Әрбір жол қозғалысына қатысушы өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, белгіленген талаптарды қатаң сақтауы қажет.

Жетісу облысының полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өз қауіпсіздігімен қатар өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Жол қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1315954?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді