
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарының 2024 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша комиссия мүшелері баяндама жасап, бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы мәселелері жан-жақты қаралып, талқыланды.
Отырысқа Жалағаш және Сырдария ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен барлық аудандық экономика және қаржы бөлімі басшылары қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков отырыс барысында аудандық бюджет қаражатының дұрыс жоспарлануы мен тиімді жұмсалуын қадағалауға басымдық беру қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде комиссия мүшесі Н. Р. Қордабай баяндама барысында Сырдария ауданында аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 13 бірлік бұзушылық анықталғандығына, оның ішінде 1 қаржылық, 10 бірлік рәсімдік сипаттағы, 2 бірлік тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану бұзушылықтары анықталғандығына және т. б. кемшіліктерге тоқталып, аталған мәселелер бойынша міндетті түрде шараларды қабылдау қажет екендігін ескертті.
Комиссия мүшесі Е. М. Абдрахманов баяндама барысында Қармақшы ауданында жүргізілген аудит нәтижесімен бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 11 бірлік бұзушылық, оның ішінде 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 1 бірлік 52 062,3 мың теңге тиімсіз пайдаланылған қаражат пен активтердің бұзушылықтар және Жалағаш ауданында жүргізілген аудит нәтижесімен аудит обьектісінен сыртқы мемлекеттік аудитпен қолданыстағы заңдылық нормаларының сақталмауынан жалпы бұзушылығы 32 153,3 мың теңгенің, және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 7 бірлік анықталғындығын және т. б. қателіктер мен кемшіліктерге тоқталды.
Отырыс барысында тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелердің қойылған бірқатар сұрақтарына аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық экономика және қаржы бөлімі басшылары жауап берді. Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулылары қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/980163?lang=kk
Жауап қалдыру