Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осы бағытта Қарақия ауданында да ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

⚜️Шараға аудан бойынша 340 адам қатысып, 9 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында жалпы көлемі 28 тонна қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

⚜️Тазалық жұмыстары Сүйіндік ата және Келін төбе ескерткіштерінің айналасында, «Аксон Мед» оңалту орталығынан «Ерсай» мекемесіне дейінгі аралықта, Жетібай-Шетпе тас жолы бойында және аудан мекемелерінің аумақтарында жүргізілді.

⚜️Аталған сенбілік Қарақия ауданының экологиялық жағдайын жақсарту, халық арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.

⚜️Қарақия ауданы әкімдігі аудан тұрғындарын туған өлкеміздің тазалығына бейжай қарамай, табиғатты аялауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспсөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/980162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді