
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің базасында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және елордалық медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында Департамент тарапынан 2025 жылдың I тоқсанындағы жалпы өтініштердің өсуі, пациенттерді қолдау қызметі мен медициналық ұйымдардың ішкі аудитінің тиімділігі, медициналық ұйымдар деңгейінде тәуелсіз сараптама комиссиясын өткізу тәртібі, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы әкімшілік іс жүргізу, халықтың медициналық қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі, дәрілік заттарды таңбалау, GPP және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Г. Габбасова келіп түскен өтініштер бойынша бірінші басшылардың дербес жауапкершілігіне назар аударып, медициналық қызметкерлердің пациенттермен жұмыс барысында этикалық нормаларды қатаң сақтауына бағытталған профилактикалық жұмыстың қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/980152?lang=kk
Жауап қалдыру