
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Агенттік пен Мемлекеттік басқару академиясының ұжымыжәне мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.
Агенттік пен Мемлекеттік басқару академиясының бірқатар қызметшісі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мерекелік жиын барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілер Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласының ардагерлеріне «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілері табысталып,Агенттік пен Академияның бірқатар қызметшісі лауазымдық міндеттерін атқарудағы белсенділігі үшін Агенттік төрағасының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1316945?lang=ru

Жауап қалдыру