
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы мобильді топпен шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарына кәсіби құқықтық көмек көрсету кезінде Отырар, Кентау, Сауран, Жетісай, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының 500-ге жуық тұрғыны құқықтық кеңес алды.
Мәселен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ауыл тұрғындары көшелерге жолақтар сызу, оларды жаңарту, жол белгілерін орнату, көшелерге жарық-шамдар орнату бойынша өз өтініштерін білдірген.
Ауыл тұрғындарының өтініштері топ мүшелерімен зерделеніп, жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп шешудің нәтижесінде 12 елді мекеннің 33 көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, 33 мектептің алдына жол белгілері орнатылды.
Топ құрамында мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, волонтер-заңгерлер, адвокаттар мен сот орындаушылар, нотариустар мен Антикор еріктілер бар.
Айта кетейік, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ биылғы жылы өз жұмысын ақпан айынан бастап, жыл көлемінде шалғай ауылдағы жұртшылыққа тегін заң көмегін көрсететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-turkestan/press/news/details/980039?lang=kk
Жауап қалдыру