ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Төлеби спорт клубының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
✅ Турнирге аудан аумағындағы 20-дан астам мекемеден 14 команда қатысып, өзара бақ сынасып, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл жарыс — тек спорттық дода емес, бейбіт өмірдің қадірін бағалау мен өткенге тағзым етудің тағылымды сәті болды.
🔹 Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен спорттық сайыс нәтижесінде:
• І орын – Аудандық Білім бөлімі
• ІІ орын – Алатау ауылдық округі құрамасы
• ІІІ орын – Аудандық Полиция бөлімі
✅ Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, арнайы дайындалған кубоктар мен марапат қағаздары табысталды.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/980035?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді