Зеренді ауданында бес елдің жас балуандары боз кілемде белдесті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Республика күні қарсаңында Зеренді ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мамандандырылған Зеренді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайынғы жарысқа қатысушылар саны артып келеді. Биылғы турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан елдерінен 19 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша алтын медальдарды Қазақстан атынан қатысқан Манас Сапар пен Арғын Қалихан, Ресей Федерациясының өкілдері Айдын Находкинский, Сайын-Белек Сат және Сайын-Белек Оюн, Тәжікстан балуандары Азиз Фитрати, Юсуфчан Камалов және Аюбджан Бозарзода, сондай-ақ Армения спортшылары Размик Барсегян пен Володя Петросян жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1317249?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді