
Ағымдағы жылдың 24-25 қазанында Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мамандары Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге қатысты.
Жәрмеңке шеңберінде Қостанай облысынан жеткізілген өнімге Ветеринариялық бақылау, сондай-ақ ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау жүзеге асырылды.
Біздің басты міндетіміз – сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың денсаулығын сақтау және сатып алушылардың қостанайлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өніміне деген сенімін нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1317413?lang=ru

Жауап қалдыру