
Ұлттық кәтап күні аясында 18 сәуір күні Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК «Кітапхана түні – 2025» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Бейімбет Майлин аудандық кітапхана қызметкерлері қатысып, ауданымыздың өнерлі тұлғасы, Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айман Астанқызы Зыбалевамен кездесу өткізді. Айман Астанқызы кәсіби жолы, шабыт көздері, шығармашылық жобалары туралы әңгіме қылды. Сондай-ақ, кейіпкеріміз өз туындыларын оқып, әсерлі әндерін орындады. Қатысқан қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, жақсы көңіл-күймен тарасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/979952?lang=kk
Жауап қалдыру