ШҚО-да бейнебақылау камералары құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға көмектесті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ШҚО-да бейнебақылау камералары құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға көмектесті

«Таза Қазақстан» аясында Өскемен қаласында бейнебақылау камераларымен қоғамдық орындарды ластау және тыйым салынған жерлерде темекі шегу деректері тіркелді.

Әуежайдың вокзал маңындағы алаңында екі ер адам темекі тұқылын жерге тастаған. Әміре Қашаубаев көшесінде «Мерген» бейнебақылау жүйесі тағы бір осындай жағдайды тіркеді. Осы үш дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Әуежайдың ұшып келген жолаушылар залының B терминалында тағы бір құқық бұзушылық анықталды. Әйел адам темекі шегуге тыйым салынған жерде электронды темекі пайдаланған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп ережелін сақтауға, көшелерді ластамауға және темекі шегуге қатысты белгіленген шектеулерді бұзбауға шақырады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1317973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді