
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні біздің Орал қаласында ерекше экологиялық акция өткізілді! Өзіміздің жасыл планетамызды қорғау мақсатында облыстық мәслихат депутаттары белсенді түрде қатысып, айналамызды көркейту үшін ағаштар отырғызды.
“Даму мен жасыл экономиканы қолдау, экологиялық білімді арттыру. Таза ауа мен жасыл алқаптардың санын көбейту арқылы болашақ ұрпаққа жақсы орта қалдыру басты мақсатымыз”- деді шараға қатысушылар. Сонымен қатар, бүгін атқарылған жұмыстардың маңыздылығын атап өту, экологияны қорғау мәселесіне барлық азаматтарды тарту қажеттігі, ағаш отырғызу — тек экологиялық емес, әлеуметтік жауапкершілігіміз екендігін есте шығармауымыз қажет.
Баршаңызда осы игі істен шет қалмай, табиғатымызды қорғау мен күтіп-баптауға өз үлестеріңізді қосуға әрдайым шақырамыз. Бірлесіп, таза және жасыл орта құра аламыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/979905?lang=kk
Жауап қалдыру