
Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау қағидалары мен тәртібін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті кездесу Түркістан облысының Қазығұрт ауданында балабақша басшылары мен әдіскерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының, сондай-ақ аудандық білім бөлімі әдіскерінің қатысуымен өтті.
Түсіндіру жұмыстарын Департамент басшысы Ауанасова К.М. және Департаменттің лицензиялау бөлімінің басшысы Пахымбет С.С. жүргізді.
Кездесу барысында балабақша басшылары мен әдіскерлері көтерілген мәселелерге айрықша қызығушылық танытып, алдағы лицензиялау рәсіміне дайындық барысында туындайтын өзекті мәселелерді ортаға салып, тәжірибеде кездесетін қиындықтар мен оларды еңсеру жолдарын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ көкейлеріндегі сауалдарын қойып, заңнама талаптарын іс жүзінде жүзеге асыруға қажетті бағыт-бағдар алды.
Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуіне, педагогтердің құрамына, олардың біліктілігіне, сондай-ақ лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық және өрт қауіпсіздігі салаларындағы белгіленген талаптардың сақталуы мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптары мен лицензия алу үшін құжаттарды дайындау тәртібі бойынша түсініктемелер берілді. Талқылау барысында өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылып, алдағы лицензиялауға дайындықтың практикалық аспектілеріне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1318922?lang=ru

Жауап қалдыру