
18 сәуірде Қ.М.Балмағамбетовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия және кезектен тыс сессия отырыстары өтті. Күн тәртібінде «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы», Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 107 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелермен қатар қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарында өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары Е.С.Орманов, А.С.Сыздыманов және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/979820?lang=kk

Жауап қалдыру